Страницы

пятница, 14 марта 2014 г.

Аудио файл жасаудың ең оңай жолдары

Блог - estetika9: Аудио файл жасаудың ең оңай жолдары
Бұл пост аудио файл жасауды енді үйреніп жүргендерге арналады. Аудио файл жасаудың бірнеше жолы бар. Сонымен, қандай нәрселердің көмегімен аудио материал жасауға болады?
Диктофонмен
Блог - estetika9: Аудио файл жасаудың ең оңай жолдары
Егер сізде диктофон болса, онда ең алдымен дыбысты жазып алып, бағдарлама арқылы өңдеуге болады.

Телефонмен
Блог - estetika9: Аудио файл жасаудың ең оңай жолдары

Audioboo деп аталатын тегін бағдарламаның көмегімен 3 минуттық үнхабар жазуға болады. Audioboo – podcast жасауға арналған бағдарлама. Ол үшін Google Play Marketтен Audioboo қосымшасын жүктеп алу қажет. Содан соң жеке аккаунт ашып, өз хабарларыңызды жазып, сақтай аласыз. Дайын хабарды twitter, facebook тәрізді әлеуметтік желілер арқылы достарыңызбен бөлісу мүмкіндігі бар.

Бағдарламамен
Блог - estetika9: Аудио файл жасаудың ең оңай жолдары
Диктофон болмаған жағдайда, компьютерлік бағдарлама арқылы да аудио жасай аласыз. Мен білетін аудио материал дайындайтын бағдарлама екеу. Бірі Аudacity бағдарламасы, екіншісі Audaboom екеуі де тегін бағдарлама. Бұл бағдарламалардың көмегімен аудио файлды өңдеп, радио бағдарлама, үнхабар дайындауға толық мүмкіндік бар.
Audacityмен
Audacity – аудио материал дайындауға арналған бағдарлама. Audacityді сайттан тегін жүктеп алуға болады. Сілтеме: audacity.sourceforge.net/
Бағдарламада еркін жұмыс істеу үшін әрбір батырманың функциясын білу қажет. Мен сіздерді негізгі 6 батырмамен таныстырайын.
Блог - estetika9: Аудио файл жасаудың ең оңай жолдары
Қызыл батырма – дыбысты жазуға арналған;
Сары батырма – дыбысты тоқтатады;
Жасыл батырма – дыбысты ойнатады;
Көк түсті батырма – кідіріс жасайды (пауза).
Оңға/солға қарап тұрған батырмалар хабарды ары/бері өткізу қызметін атқарады.
Қалай әуен қосамын?
Блог - estetika9: Аудио файл жасаудың ең оңай жолдары
Кейде маңызды бір хабардың арасына әдемі бір әуен қосқыңыз келеді. Бұл ғылыми тілде Jingle деп аталады. Негізінде, жингыл 15 минуттан артық болмауы (керек)!
Сонымен, әуен қосу үшін алдымен оны дайындап жұмыс үстеліне орналастырып алған дұрыс. Сосын бағдарлама ішіндегі Файл – импортировать командасын басып, компьютерден қажетті файлды таңдай аласыз.
Монтаждау
Блог - estetika9: Аудио файл жасаудың ең оңай жолдары
Хабарды жазып болған соң тыңдау барысында артық дыбыс болуы мүмкін. Оны қалай қырқып тастауға болады? Ол үшін тышқанды қызыл бағдарша көрсетіп тұрған қызметке ауыстырып, қажетсіз бөлікті белгілеп аламыз да пернетақтадағы delete батырмасын басамыз.
Қалай сақтаймын?
Блог - estetika9: Аудио файл жасаудың ең оңай жолдары
Дайын болған хабарды сақтау кезінде компьютер бізден қандай форматта сақтауды сұрайды. Бізге MP3 форматы қажет. Ол үшін сол форматты интернеттен жүктеп аламыз.
Егер сіз жұмысты толығымен аяқтамай тұрып сақтағыңыз келсе, сохранить как батырмасының көмегіне жүгінесіз. Нәтижесінде, материалыңыз MP3 форматында сақталмайды. Жасалған күйінде бағдарлама ішінде сақталатын болады.
Блог - estetika9: Аудио файл жасаудың ең оңай жолдары
Ал, егер хабар дайын деп шешсеңіз, меню-экспортировать батырмасы арқылы компьютерге MP3 форматында сақтап қойыңыз. Файл дайын)

Қандай сайтқа саламын?
Көпшілікке белгілі youtube.com сайты видеоны жариялауға арналған сайт болса, soundcloud.com сайты арқылы аудио файл салуға арналған. Осы сайттың көмегімен, хабарды бір мезгілде бірнеше әлеуметтік желіге таратуға болады. Сайтта дыбысқа сурет қою мүмкіндігі бар.
Блог - estetika9: Аудио файл жасаудың ең оңай жолдары
Бұл менің сайттағы жеке профилім:) Әзірге менде тек 3 хабар бар:)

Кеңес. Ескеретін нәрселер.
Егер сіз аудио жасауға тақырып таппай отырсаңыз, дайын бір мәтінді оқуыңызға немесе өзіңіздің жеке тәжірибеңізбен, хоббиіңізбен, түрлі ойларыңызбен бөліссеңіз болады.
Дыбысты жазар алдында ойыңызды жинақтап, айтар сөзіңізді қағазға түсіріп алсаңыз, есесіне, файлды өңдеу жұмысы жеңілдейді.
Хабар дайындау барысында айналадағы тыныштық маңызды. Егер үйде жазатын болсаңыз, тоңазытқыш, теледидар сияқты техникалық құрылғыларды өшіріп қойғаныңыз дұрыс. Себебі, олардың бәрі шуыл болып естіліп, өңдеуге қиындық келтіреді.
Блог - estetika9: Аудио файл жасаудың ең оңай жолдары
P.S. Әзірге айтарым осы. Ал, ендеше, іске сәт! Түсінбеген нәрселер болса, хат жазып, хабарласуларыңызға болады. Менің интернеттегі мекен жайым: tendensia91@gmail.com
estetika9blogspot.com менің блогым
@estetika9 аккаунты арқылы мені твиттерден таба аласыз)
Біздің хештег: #iskerklub #простоофинансах

Комментариев нет:

Отправить комментарий